• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
08 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №487

299 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 29 тамыз, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 маусымдағы №595 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат). 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ